21 сәуір күні тарих пән бірлестігі апталығының жоспарын жүзеге асыру аясында Кушекбаева С. 8 -сынып оқушыларымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға саяхат, библиофреш ұйымдастырды.

Аталған іс-шарада кітапхана өмірімен танысу, жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасауды және білім кітап арқылы берілетіндігін ұғындыруды мақсат етті.

Оқушыларға ең бірінші кітапханаға қалай жазылу керектігі туралы балалар бөлімінің кітапханашысы Жабашева Шынар толық мағлұмат берді.

Сонымен қатар Әбділда Тәжібаевтың мұражайымен танысты. Оқушыларға кызықты болғаны көптеген үйірмесі бар өнер бөлімі.

Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен қолына кітап алып оқығанға не жетсін! Рухани азық іздеген,көзі ашық ,көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы-кітапхана.

 

 

Тіліңізді таңдаңыз