"Ұлы тарих-кемел келешекке жетелейді" атты апталықтың жоспары аясында 7 "Ә" сыныбында Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Желдербаева Асылзат ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев -ұлы ойшыл.

Мақсаты: Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру.

Сабақ басында Wordwall платформасы арқылы өткен тақырыптарға шолу жасалып, интерактивті презентация арқылы жаңа сабақ түсіндірілді.

Жаңа сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға жұптық, жеке тапсырмалар беріліп, сабақ өз мақсатына жетті.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы жоғары болып, барлық тапсырмалар белсенділікпен орындалды.

Соңында "Блоб ағашы" әдісімен кері байланыс жасалды.

 

 

Тіліңізді таңдаңыз