"Ұлы тарих - кемел келешекке жетелейді" атты апталықтың жоспары бойынша тарих пәні мұғалімі Әуезова Индира 9 "Ә" сыныбына Құқық негіздері пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе?

Сабақтың мақсаты:

Жаңа білім үйрену,талқылау және бекіту.

Білім, қабілет пен дағдыларды игеру деңгейін анықтау.

Жеке білімді жүйелеу.

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында Кahoot платформасы арқылы тест тапсырмасы орындалды.

Жаңа сабаққа шығу мақсатында бейнеролик көрсетілді. Оқушылар топтық және жұптық тапсырмаларды белсенділікпен орындады.

Жеке жұмыс орындау Wordwoll платформасымен жүзеге асты.

Оқушылар жаңа сабақ барысында тұтынушы ретінде өз құқықтарын түсінді.

Сабақ соңында кері байланыс беріліп, БББ-кестесі арқылы рефлексия жасалды.

 

Тіліңізді таңдаңыз