№143 орта мектебінде 2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай ата-аналарға және ұстаздарға аутизмнің алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы бойынша аутистік спектр бұзылысы бар балалар саны - 12087 болса, соның ішінде, Қызылорда қаласы бойынша - 556. Өкінішке орай, жыл сайын мұндай санаттағы балалар саны өсіп келеді.
Осы орайда, аутизм туралы ақпаратты тарату және алдын алу, түзету жұмыстары жайлы мектеп дефектологы А.Тоқтарова және мектеп психологтары Ж.Бисенова, С.Құлманова арнайы бейнекөрініс көрсетіп, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.