№143 мектеп ұжымы учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жоспарлы түрде арнайы бекітілген кесте бойынша рейд жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бүгін де мектеп директорының міндетін атқарушы Ғ.С.Төребаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ғ.Молдашов және Б.Байдулдаев, мектеп мұғалімдері учаскелік полиция инспекторы Н.Жөнбаевпен бірлесіп, рейд жұмыстарын жүргізді.

Аталған рейдтік жұмыстар кәмелеттік жасқа толмаған балалар (оқушылар) мен жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз көшеде жүруіне тосқауыл қою, құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылды.

Ауыл орталығындағы адам көп шоғырланатын орындар мен сауда дүкендерін аралап, кәсіпкерлерге тиісті ақпарат берілді.

Бүгінгі рейд жұмыстары барысында түнгі мезгілде оқушылардың көшеде жүру оқиғасы тіркелмеді.

 

 

Тіліңізді таңдаңыз