№143 мектеп кітапханасында 1«Б» сынып оқушыларының қатысуымен "Армысың, әз Наурыз" атты мерекелік іс—шара өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар: 1«Б» сынып жетекшісі Ә.Әлиасқарова , машықтанушы Г.Қаратай және кітапханашылар А.Әбдіғаппарова мен Н.Сексенбаева.

  Іс-шара басында сынып жетекшісі Әлиасқарова Әлия келе жатқан Наурыз мерекесімен ата—аналарды, ұстаздар мен оқушыларды құттықтай отырып, тәттілерден шашу шашты.

  Әрі қарай қызықты тренингтер, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар үлкен қызығушылықпен «Ханталапай» ойынын ойнады.

  Мерекелік іс-шараны сынып қыздарынан құралған «Гүлдер» би тобының әсем биі жалғастырып, мерекелік ән—шашулар мен тақпақтар айтылды.

1-1
1-2
1-3
1-4

Тіліңізді таңдаңыз