№143 орта мектебінде 8-10 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын-алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық» бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Молдашов және Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры, заңгер Файзуллаева Гүлжан Сейдубатталқызы, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясының тыңдаушысы Сарғалиев Берік Төребайұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында белең алып отырған ұрлық, зорлық-зомбылық және құқықбұзушылық туралы мәлімет бере келіп, оның зардаптары мен құқықтық жауапкершілік туралы да кеңінен ақпарат берді.