№143 орта мектебінде 17-наурыз күні Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қол күресі сайысы өткізілді.

  Тартысты сайысқа 9-11 сынып ер балалары үлкен белсенділікпен қатысты.

  Сайыс нәтижесі бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Темірбеков Рамазан 1-орын, 10 «А» сынып оқушысы Ерсұлтанұлы Шерхан 2-орын, 11 «А» сынып оқушысы Молдабай Жандос 3-орын  иемденді.

Тіліңізді таңдаңыз