№143 орта мектебінде "Сиқырлы әлем" апталығы аясында «Жасөспірімдердің бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу және түзету жұмыстары» тақырыбында 7 "Г" сынып оқушыларымен тренинг өткізілді.
Тренинг басында мектебіміздің педагог –психологы Бисенова Жазира Ануарбекқызы жасөспірімдердің бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу және түзету, дамыту мақсатында слайд арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, "Жұмсақ шеңбер" сергіту сәтімен жалғастырды.
Тренинг кезеңдері:
«Смайлик арқылы амандасу»
«Тимбилдинг» жаттығулары
«Жасырын сурет» ойыны
«Құнды пікір» сиқырлы қобдишасы (оқушылар өз ойларымен бөліседі)
"Жұмсақ шеңбер" сергіту сәтінде оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен белсенді орындап, ерекше әсерлерімен бөлісті.
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!