2022 жылдың желтоқсан айының 29 күні Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет жыл қорытындысы бойынша білім және спорт саласындағы республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанған облыс мектептерінің 50 оқушысын марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сол оқушылардың ішінде 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары «Зерде» республикалық конкурсының жеңімпазы мектебіміздің 6 «В» сынып оқушысы Ерниязов Досымжан, жетекшісі Жұбатова Камшат және республикалық "Жұлдызай спартакиада-2022" Ұлттык Инклюзивті ойындарының жеңіл атлетика бойынша жеңімпазы 6 «Б» сынып оқушысы Амандықұлы Қуаныш, жетекшісі Тоқтарова Айгерім марапат пен бағалы сыйлыққа ие болды. Оқушыларымыз бен олардың жетекші ұстаздарын құттықтай отырып, алдағы жаңа жыл зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын деген тілек білдіреміз.

1
2
3

Тіліңізді таңдаңыз