Мектебімізде "Сиқырлы әлем"атты психология апталығы 1-4 сынып оқушылары арасындағы "Біз бақытты баламыз" тақырыбындағы сурет салу байқауымен қорытындыланды.
Байқау мақсаты:
- Оқушылардың өмірге қызығушылығын арттыру;
- Балалар бойындағы сенімсіздікті жою;
- Эстетикалық тәрбие беру;
- Оқушылардың жаңа қабілетін ашу, қолдау көрсету.
Оқушыларымыз сурет байкауына белсене қатысты. Ең үздік деп танылған қылқалам шеберлерін мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б.Тоқмағанбетова арнайы дипломдармен марапаттады.