№143 орта мектебінде достықтың, сыйластықтың шынайы мерекесі «Алғыс күні» мерекесіне арналған іс –шара жоспарына сәйкес «Алғыс жүректен шығады» мерекелік құттықтау болып өтті.

Мектебіміздің қызметкерлеріне бастауыш сынып оқушылары, «Жас ұлан» ұйымы мүшелері сөз маржанымен гүл шоқтарынан алғыс жаудырды.

Әсем әнмен өрнектелген іс-шара барысында мектеп директоры Төребаев Ғазиз Садақбайұлы мен мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мұқанова Индираның «Алғыс хатымен» арнайы сыйлықтармен еңбегі ерекше болып жүрген қызметкерлер марапатталды.

Жоспарға сәйкес өткізілген шара мектеп қызметкерлеріне деген шынайы ілтипатқа, алғысқа, сыйластық пен ізеттілікке толы болды.

a 1
a 2
a 3
a 4
a 5
a 6

Тіліңізді таңдаңыз