№143 орта мектебінде “Алаш зиялыларының мұрасы” және “Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары” тақырыбындағы он күндік іс-шара аясында 31 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұртаза Айзада мен Сайлау Айданың ұйымдастыруымен “Алаш туы астында ,Күн сөнгенше сөнбейміз…” тақырыбында интелектуалды сайыс өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,ойлау әрекетін дамыту,ой қорытындысын өз бетінше жасай білуге ,ортақ пікірге келуге дағдыландыру.

Оқушыларды алғырлыққа,табандылыққа,ойшылдыққа,жетістікке жетуге тәрбиелеу.

Ата-бабаларымыз армандаған Тәуелсіздік -біздің құндылығымыз. Оны қадірлей білу біздің ұлттық парызымыз.

Интелектуалды сайыстың қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.

 

I -орын “Жас Алаш” тобы

II -орын “Алаш орда” тобы

III -орын “Жас қыран” тобы

 

Іс-шара барысында белсенділік танытқан барша оқушыларға мектеп әкімшілігі алғыс білдірді.

Тіліңізді таңдаңыз