Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Қоғам дерті саналатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша елімізде әр түрлі алдын алу шаралары жүзеге асырылуда. Бұл індетті толық жою үшін еліміздің әрбір азаматы ат салысуы қажет.
Осы мақсатта №143 орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас мамандары Ж.Қозыбағарова және Е.Ділдабаевтың қатысуымен жиын өтті.
Жиында басқарма мамандары мектеп ұжымына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының түрлері, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда оның қоғамға зияны мен зардаптары жайлы арнайы бейнероликтер көрсетіліп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.