№143 орта мектебінде "Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз" атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мақсаты: жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту әрі кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.
Байқауда 5 жас педагог бақ сынады. Байқау ережеге сай 5 кезеңнен тұрды.
Бірінші тапсырма-"Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз"тақырыбында эссе жазу.
Екінші тапсырма-"Ашық сабақ"
Үшінші тапсырма-"Шығармашылық жолдың бастамасы"-өзін-өзі таныстыру. Бұл фотопрезентация, бейнепрезентация, аудиожазба, көркемсурет т.б ерекше шығармашылықпен көрсетілуі қажет.
Төртінші тапсырма-"Өнерлі өрге жүзер"-қатысушы өз өнерін көрсетеді.
Бесінші тапсырма-"Жұмбақ тапсырма" деп аталды. Ереже бойынша бұл тапсырма сол мезетте беріліп, ноутбукты қолдану арқылы әр қатысушы өз пәні бойынша кез келген тақырыпта презентация жасау тапсырылды. Презентация мазмұны , дизайны, креативтілігі бойынша бағаланды.
Байқаудың әр кезеңдерін критерий бойынша әділ-қазылар алқасы бағалады. Сайыс қорытындысы нәтижесінде ұпай сандары есептеліп жүйріктер анықталды.
1-орынды қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Сайлау Аида;
2-орынды қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ерсұлтанұлы Жеңісбек және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алибекова Айтолқын;
3 -орынды информатика пәнінің мұғалімі Дилдабаева Зарина мен мектебіміздің дефектолог маманы Тоқтарова Айгерім иеленді. Байқауға қатысқан жас педагогтер диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде қанаттарыңыз талмасын деп жас маман ұстаздарға ізгі ниет білдіреміз.