16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Есіркісіз болашақ!» атты ұранымен грэплингтентен балалар және жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қалалық ашық біріншілік өтті.

Біріншілікке 66 кг салмақ дәрежесінде мектебіміздің 10 «Б» сынып оқушысы Бисенбай Нұрдәулет қатысып, нәтижесінде I орынды жеңіп алды.

Нұрдәулетті жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайратын көрсетіп, одан әрі табыстар мен жаңа жеңістерге жете беруін тілейміз!

8
9
10
11
12

Тіліңізді таңдаңыз