№143 орта мектеп педагог-психологтары Ж.Бисенова және С.Құлманова мектеп әлеуметтік педагогы С.Байқуатова ұйымдастыруымен 2022 жылы 13 желтоқсанда «Буллинг, кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыбында 8-11 сынып ер балаларымен арнайы участок полиция қызметкерімен кездесу ұйымдастырылды. «Буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг. Кездесу барысында қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі адамдардың жиі ұшырасатындығын және одан қорғану шараларын түсіндірді.

5
6
7

Тіліңізді таңдаңыз