Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі,  ұлағатты ұстаз, білікті басшы Батырхан Остайұлын еске алу құрметіне орай №143 орта мектеп базасында 8-9 сыныптар арасында «Терең білім, тапқыр ой» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыс жастардың ой-өрісін дамытуға,  логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйретеді. Сонымен қатар жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді.

Ашық пікірсайыс турнирінің мақсаты - жастар қатарынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау көрсету, нақты мәселелерді шешу, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, патриотизмді дамыту жұмыстарын кеңінен насихаттау.

Пікірсайыс турнирінің нәтижесінде жүлделі І орынды С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицей иеленді.

Ал, ІІ орынды №143 орта мектеп, ІІІ орынды №268 мектеп-лицейі мен №257 мектеп орта мектеп оқушылары лайық деп танылды.

Айта кетейік, жүлделі орындармен қатар үздік спикер, үздік оратор, дебаттық креатив, ең сенімді ойыншы, ең білімді ойыншы, ең тапқыр ойыншы, ең мақсатты ойыншы номинациялармен марапатталды.

Тартысқа толы өткен бәйгеде үздік төреші де анықталды.

Жүлдегер командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

13
14
15
16

Тіліңізді таңдаңыз