2022 жылдың 28 желтоқсан күні №143 орта мектебінде мектеп психологтары "Өз –өзіңе сенімділігіңді арттыр" тақырыбында 11 сынып оқушыларымен тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын психологиялық тұрғыдан күшейту, өзін-өзі ұстау, өзі-өзін бақылау дағдыларын және сенімділіктерін арттыру.
Тренинг ережесі:
- Бір-бірімізді тыңдаймыз;
- Достарыммен жақсы қарым-қатынаста боламыз;
- Уақытты үнемдейміз;
- Белсенділік көрсетеміз;
- Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
- Өз ойымызды ашық айта білуге дағдыланамыз.
Тренинг басында «Шынымды айтсам» ойыны арқылы оқушылар сол сәттегі көңіл-күйлерін айтып берді. Әрі қарай оқушыларға ұстаздар мен ата-ананың қамқорлығын түсіндіру мақсатында «Бала мен алма» бейнекөрінісі көрсетілді. Ал тренинг соңында алған әсерлерімен бөлісу арқылы кері байланыс жүргізіліп, оқушылар алғыстарын білдірді.