2021 жылды біздің №143 мектеп жағымды жаңалықпен, керемет жетістікпен бастады. Білім көкжиегінде білім бәйгесінің додасына түскен ұстаз бен шәкірт жетістігін барша ұстаздар қауымын, мектеп ұжымын қуанышқа бөледі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың " Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты бағдарламасын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен 5- қазан - 30 желтоқсан аралығындағы "Қазақстан Республикасының 100 үздік оқушысы" атты республикалық байқауға мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі, жас маман Қожатай Балдырған және 10 "А" сынып оқушысы Мүталапов Икрамды қатысқан болатын.
3 кезеңнен тұратын сайысқа оқу орнын үздік дипломға бітірген Балдырған, талай сайыстарда орын алған Икрам жан-жақты дайындықпен қатысты. Ұстаз бен оқушының қоғамда бөлек орын алған пандемиямен байланысты математика бағытындағы ғылыми жобасы терең оймен, зерделі сөздермен өрілген эссе жұмыстары оқ бойы озық шығып жүлделі І орынды бағындарды.
Болашағынан үміт күтер Икрам Республикалық ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылыми комитеті мемлекеттік тарихи институтының І дәрежелі дипломымен, "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" төсбелгісімен марапатталып , "Қазақстан Республикасының 100 үздік оқушысы" жинағына енді. Ал талантты, білімді ұстазы Қожатай Балдыған "ҚР Дарын" ғылыми-практикалық орталығының
"ҮЗДІК МАМАН-2020" І дәрежелі дипломмен марапаталды.Талапшыл ұстаздан,талантты шәкірт демекші, Икрамның таланты мен біліміне алғыс ретінде ата-анасына Алғыс хат берілді.Марапат ҚР Министрлер үйінде өтті.
Керемет жетістікке жеткен ұстаз бен шәкіртке мектеп директоры Тапалова Фарида Қараманқызы мектеп ұжымы атынан ризашылығын білдірді. Мектептің мерейін көтерген ұстаз бен шәкіртке мектеп директоры алғысын, жылы лебізін, болашаққа бағыт берер , шабыт берер тілегін арнады. Икрам өзіне берілген " Ұлы дала тарихы" кітабын және фотоальбомын естелік ретінде мектеп кітапханасына табыс етті.
Талантты ұстаз бен шәкірттің бұдан да жоғары белестерді бағындыратынына ұжымның сенімі мол.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/87-s-jinshi.html#sigFreeId0fef74ab8d