Ардақты әжелер, аяулы аналар, қырмызы қыздар!
Сіздерді шуақты көктемнің айтулы мерекесі - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке - бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт -береке тілеймін.
Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл-күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген игі тілегімді білдіремін.
Құрметпен,
№143 орта мектебі директорының міндетін атқарушы Ғ.С.Төребаев
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/170-merekelik-tty-tau.html#sigFreeIdec7b1b27dc