2021 жылдың 15-18 қараша күндері Қарағанды қаласы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республиканың 11-сыныптар арасында XIV Президенттік олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңі өтті.

Қорытынды кезеңге Қызылорда облысынан 10 оқушы қатысып облыс намысын қорғады.

Айтулы додаға Республика бойынша І қалалық кезеңге 3496 бала,

ІІ облыстық кезеңге 396 бала, одан әрі 182 бала Республикалық қорытынды кезеңге қатысу бақытына ие болды.

Облыс бойынша 10 оқушының ішінде Қызылорда қаласының намысын 2 оқушы қорғады. Бірі №2 мұрагер мектебінің оқушысы болса,екіншісі №143 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мүталапов Икрам Нұрғалиұлы қатысып өз білімін жақсы деңгейде көрсетіп қайтты.

Республикалық кезеңге дейін барған Икрам Нұрғалиұлын мектеп дирекоры Ф.Қ.Тапалова бастаған мектеп ұжымы зор қошеметпен қарсы алды. Икрамға білім жолына сәттілік тілеп, жүрек жарды тілектерін білдірді.

Осы орайда Икрамды дайындаған пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.

Атап айтсақ: Математика пәнінен Қожатай Балдырған, физика пәнінен Аубакирова Динара, биология пәнінен Әлмешова Жұлдызай және химия пәнінен Тапалова Фарида сынды білікті де білімді ұстаздарымызға зор ықылас білдіреміз .

Арнайлап математика пәнінен дайындаған Қожатай Балдырғанға ерекше алғыс білдіреміз.

Шәкіртімізге алар асулары, бағындырар белестері көп болсын дей отырып, ҰБТ ең жоғары бал жинап, грант иегері болуына тілектеспіз!

Еліміздің абыройын тек биікте ұста,Икрам!

Біз сенімен мақтанамыз!