№143 орта мектебінде “Алаш зиялыларының мұрасы” және “Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары” тақырыбындағы он күндік іс - шара аясында 31 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұртаза Айзада мен Сайлау Айданың ұйымдастыруымен “Алаш туы астында ,Күн сөнгенше сөнбейміз…” тақырыбында интелектуалды сайыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,ойлау әрекетін дамыту,ой қорытындысын өз бетінше жасай білуге ,ортақ пікірге келуге дағдыландыру.
Оқушыларды алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, жетістікке жетуге тәрбиелеу.
Ата - бабаларымыз армандаған Тәуелсіздік - біздің құндылығымыз. Оны қадірлей білу біздің ұлттық парызымыз.
Интелектуалды сайыстың қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
I - орын “Жас Алаш” тобы
II - орын “Алаш орда” тобы
III - орын “Жас қыран” тобы
Іс - шара барысында белсенділік танытқан барша оқушыларға мектеп әкімшілігі алғыс білдірді.
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/180-alash-tuy-astynda-k-n-s-ngenshe-s-nbejmiz-ta-yrybynda-intelektualdy-sajys.html#sigFreeIda03b7befe7