2022 жылдың 28 желтоқсан күні №143 орта мектебінде мектеп психологтары "Өз – өзіңе сенімділігіңді арттыр" тақырыбында 11 сынып оқушыларымен тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты мектеп түлектерінің ҰБТ - ға дайындығын психологиялық тұрғыдан күшейту, өзін - өзі ұстау, өзі - өзін бақылау дағдыларын және сенімділіктерін арттыру.
Тренинг ережесі:
- Бір - бірімізді тыңдаймыз;
- Достарыммен жақсы қарым - қатынаста боламыз;
- Уақытты үнемдейміз;
- Белсенділік көрсетеміз;
- Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
- Өз ойымызды ашық айта білуге дағдыланамыз.
Тренинг басында «Шынымды айтсам» ойыны арқылы оқушылар сол сәттегі көңіл-күйлерін айтып берді. Әрі қарай оқушыларға ұстаздар мен ата - ананың қамқорлығын түсіндіру мақсатында «Бала мен алма» бейнекөрінісі көрсетілді. Ал тренинг соңында алған әсерлерімен бөлісу арқылы кері байланыс жүргізіліп, оқушылар алғыстарын білдірді.
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/175-z-zi-e-senimdiligi-di-arttyr-trening-2.html#sigFreeId82f0a11b95