№143 мектеп кітапханасында 1«Б» сынып оқушыларының қатысуымен "Армысың, әз Наурыз" атты мерекелік іс - шара өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар: 1«Б» сынып жетекшісі Ә.Әлиасқарова, машықтанушы Г.Қаратай және кітапханашылар А.Әбдіғаппарова мен Н.Сексенбаева.

  Іс - шара басында сынып жетекшісі Әлиасқарова Әлия келе жатқан Наурыз мерекесімен ата - аналарды, ұстаздар мен оқушыларды құттықтай отырып, тәттілерден шашу шашты.

  Әрі қарай қызықты тренингтер, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар үлкен қызығушылықпен «Ханталапай» ойынын ойнады.

  Мерекелік іс - шараны сынып қыздарынан құралған «Гүлдер» би тобының әсем биі жалғастырып, мерекелік ән - шашулар мен тақпақтар айтылды.