«Инновация – нақты ғылымдар жетістігі» атты информатика, физика, математика апталығының жұмыс жоспарына сәйкес бүгін информатика пәні мұғалімі Гүлзат Жұмабайдың ұйымдастыруымен 7 - сыныптар аралығында «TechnoTime» тақырыбында компьютер құрылғыларын бұзып - жинаудан сайыс өткізілді.

Сайыс ережесіне сәйкес жүйелік блок құрылғыларын уақыт бойынша бұзу және жинау тапсырылды.

Сайыс нәтижесі бойынша;

7 «Б» сынып оқушысы Құрманғали Саидбек 1 минут 54 секундта орындап, 1 - орын иеленсе;

2 - орынды 7 «А» сынып оқушысы Темірбек Ернар (2 минут 29 секунд) мен 7 «Б» сынып оқушысы Жақсылық Қасиет (2 минут 31 секунд);

3 - орынды 7 «А» сынып оқушысы Сейтқасым Әлихан (2 минут 38 секунд) және 7 «А» сынып оқушысы Қырғызбай Рамазан (3 минут 48 секунд) өзара бөлісті.

Барлық белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз және жүлделі орынға ие болған оқушыларды құттықтаймыз!