2022 жылдың 03 желтоқсаны күні №143 орта мектебінде директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Мусаханова Шаттыгүл Айдарханқызының ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – ертеңіңді ойлау» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара болып өтті.

Негізгі мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандықтар әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өзін - өз танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Іс – шараға 9 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары толық қамтылды. Мамандық дегеніміз не?, Әлемде қанша мамандық түрлері бар?, Жыл сайын жаңадан қаншама мамандық түрлері қосылып отырады?, Біз олардың қаншасы туралы білеміз? деген сынды сұрақтарға жан-жақты жауаптар алынды. Іс- шара барысында оқушылар «Адам- Адам», «Адам- Техника», «Адам - Табиғат» атты топтарға бөлініп, оқушылар «Ой қозғау» және «Жағдаяттық сұрақтарға» жауап беріп, мамандық жайлы өз ойларын жинақтады. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып, қырдан аса алмайсың» - деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай оқу оқып, білім алып еңбектенбесе , ойға шомылып маман иесі болып ешкімде мақсатына жете алмайтындығын, кәсіп таңдағанда - жүрегіңіздің қай іске бұрып тұрғандығын, қай іс көңіліңізге қонымды болатынын ескеру қажеттігін және адам жақсы көретін ісімен шұғылданғанда жетістікті болады деген ойларды оқушы бойына сіңіруге жұмыс жасалды.