Қызылорда қаласындағы Н.А.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің 70 жылдық мерейтойына орай қала мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында волейболдан турнир болып өтті.

Жарысқа Абай, №4, №10, №11, №112, №144, №173, №189, №212, №215, №217, №222, №253, №271 және №282 орта мектеп ұстаздарынан құралған командалар қатысты.

Турнирге барлығы 16 команда қатысып, І орынды мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері жеңіп алды. Сондай-ақ команда мүшесі Кеңесов Бауыржан "үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.

Ұстаздарымызды жеңістерімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!