Қызылорда қаласы Ж.Маханбетов ауылы №143 орта мектебінде орналасқан №227 сайлау учаскесіне дауыс берушілер көптеп келуде. Учаске алдында бауырсақ пісіріліп, келіп жатқан дауыс берушілерге ұсынылуда. Ыстық бауырсақтан дәм татқан ауыл тұрғындары жақсы көңіл-күймен ыстық лебіздерін білдіріп жатыр.
Бүгінгі атаулы күнде Ж. Маханбетов ауылында шаңырақ көтеріп жатқан ауылымыздың тұрғындары Нұрбол мен Бота сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру арқылы еліміздегі саяси науқанға өз үлестерін қосты.
Жас жұбайларға шаңырақтары биік, керегелері кең, бақыттары баянды болсын деген тілек білдіре отырып, естелік сыйлық табысталды.
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/140-227-sajlau-uchaskesine-dauys-berushiler-k-ptep-kelude.html#sigFreeIde66d0354eb