22.11.2022ж - 01.12.2022жыл аралығында "Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам" атты өткізілетін бастауыш сынып он күндігінің бүгін ашылуы болып өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушыларға жаңартылған білім беру жағдайында иннвациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сыни ойлау қабілеттерін дамытуға шығармашылық дамуына және көңіл күйлерін дамыта отырып алған білімдерін өмірде қолдануға баулу. Ашылу рәсімі барысында апталық жоспарымен таныстырылып, оқушылардың сәлемдемелері тыңдалды. Мектеп директоры Фарида Қараманқызы өзінің құттықтау сөзінен кейін ұстаздарға және оқушыларға сәттілік тілеп апталықты ашып берді.
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/138-bastauysh-synyp-on-k-ndigi-2.html#sigFreeId3c63e1d8e8