"Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам" атты бастауыш сынып он күндігінің аясында 23 - қараша күні "Білімді оқушы - ел ертеңі" тақырыбында 2-4 сыныптар арасында мектепшілік олимпиада болып өтті. Олимпиаданың мақсаты: Оқушылардың оқу- танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету,ғылымға деген қызығушылығын дамыту және оқушыларды аудандық, облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу. Олимпиадаға 2-4 сыныптардан 2оқушыдан қатысып, қазақ тілі, математика және жаратылыстану пәндерінен тапсырмаларды орындап шығарды.
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/137-bastauysh-synyp-on-k-ndigi.html#sigFreeId7da0760908