№143 орта мектеп кітапханасында 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай «Менің Отаным—Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты—Тәуелсіз Қазақстанның егемендік ел болып қалыптасқаннан кейінгі тарихымен таныстыру, әлеуметтік және рухани өміріндегі өзгерістерді насихаттау, қоғам алдындағы жауапкершілік пен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

«Менің Отаным—Қазақстан» кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, еліміздің егемендігін баяндап, өткен тарихымыздағы мемлекеттің құрылу кезеңдеріне дейінгі материалдар қойылды.

Мектеп кітапханашылары мереке қарсаңында егемен елдің ертеңі биік болып, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар білімді де білікті, еңбекқор да отансүйгіш жас ұрпақтың болашағында екені айтылып өтілді.