Ағылшын тілі пәнінің 10-21 қазан аралығындағы «Legendary Britain» атты онкүндік аясында Дауренбекова Айдана Ғалымжанқызының ұйымдастыруымен өткізілген «The Best Teacher – 2022» атты пән мұғалімдері арасында сайыс өткізілді. Аталған білім сайысының мақсаты – мұғалімдердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын кеңейту, теориялық білімдерін шыңдау және өзара ынтымақтастыққа баулу.            Сайыс кезеңдері 4 бөлімнен тұрды. 1. “Do you know?”, 2. “Baiga",                        3. “Proverbs”,  4. “A Magic 5”кезеңдері бойынша қатысушылар білім сынақтарынан өтті. Сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді. Сайыскерлер түрлі деңгейдегі қызықты тапсырмаларды жылдам орындай білді. Сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайыс соңында қатысушыларымыз «Бас жүлде» және жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарымен марапатталды.