№143 орта мектебінде Цифрландыру күніне орай 2022 жылы 21 қазан күні Egov Электронды үкімет порталымен, Egov Mobile мобильді қосымшасымен жұмыс жасау бойынша 10-11 сынып оқушыларына информатика пәнінің мұғалімі Жұмабай Гүлзат түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында электронды үкіметпен жұмыс жасау ерекшеліктері, қызметтерді онлайн алу мүмкіндіктері және мобильді қосымшаға тіркелу және онлайн-қызметтерді пайдалану бойынша нұсқаулықтар берілді. Сондай-ақ 11-сынып оқушыларына білім беруге гранттарды тағайындау және жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар тапсыру бойынша кеңінен ақпарат берілді. Оқушылар толғандырған сұрақтарын қоя отырып, қажетті мағлұматтар алды.