Қыркүйек айының 14 ші жұлдызында №143 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садуакасова Нургул Маратқызының ұйымдастыруымен "Қазақ тілім -өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім" атты онкүндік іс-шара жоспары аясында жазушы -драматург Дулат Исабековтің туғанына -80 жыл толуына орай жазушының драмалық шығармаларынан 8-9 сыныптар арасында театрлық қойылым байқауы болып өтті.
Байқау мақсаты: белгілі жазушы-драматург, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар, қара сөздің хас шебері атанған автордың драмалық шығармаларынан сахналық қойылым арқылы оқушылардың актёрлық шеберлігін арттыру.
Тартысты, таласты өткен қойылымдар бағасын беруде әділ қазылар шешімімен бас жүлде иеленген 8"Г" сыныбы болса, 8"Б" сыныбы жүлделі I орынға ие болды, 8 "В"сыныбы -II орынға, 8 "Ә" сыныбы III орынды иеленді. Қатысушы көрермендер сахнадағы қойылым арқылы Дулат Исабековтің шығармаларының жан -жақты қырларына көз жеткізе білді. Оқушылар арасында өткен іс-шара барысында қатысушылар белсенділігі жоғары болды.
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/132-aza-tilim-z-tilim-ana-tilim-abaj-m-khtar-s-jlegen-dana-tilim-atty-onk-ndik-is-shara.html#sigFreeId0ccdd12099