2017 жылы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы » үкімет қаулысына сәйкес,5 қыркүйек —Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Осыған орай Қызылорда қаласы №143 орта мектепте қазақ тілі бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілім – өз тілім , ана тілім,Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім...» атты онкүндігі өз жұмысын бастады.

Жұмыстың мақсаты—оқушыларымыздың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,тіл мәртебесін көтеру,таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету,қазақ тілінің мәртебесін көтеру,сондай – ақ Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу мақсатында іс – шара жоспары жасалды. Жоспарда биылғы жылы мерейтойлары аталып өтетін төл әдебиетіміздің көрнекті өкілдері Қаз дауысты Қазыбек би, Дулат Бабатайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Дулат Исабековтердің шығармашылығы негізінде түрлі шаралар өткізу жоспарланды.

Онкүндіктің ашылу салтанатында Мектеп басшысы Фарида Қараманқызы құттықтау лебізін білдірді. Мектеп оқушылары мен ұстаздарын домбырашылардың орындауындағы әсем күй мен тарихи тұлғалардың үнін жеткізген шәкірттер қарсы алды. Әдебиет пен өнер тақырыбындағы түрлі сауалдарға жауап берген оқушылар ұлттық дәміміз құрт пен ірімшікті сыйға алды. Бейнеролик арқылы мектептің ардагер әдебиетшілері Гүлбаршын және Мафура апайлардың құттықтау тілектері жеткізілді. Мектептің кіреберісінде қазақтың киіз үйінің макеті орналастырылды. Бұл да еліміздің шаңырағы биік, керегесі кең болсын деген ниеттен туған.
А. Байтұрсынұлының "Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады" деген керемет қанатты сөзі бар. Біздің ана тіліміздің мәңгілік болуы —қазақ  халқының  мәңгілік  болуының басты кепілі.