2022 жылдың 1-қыркүйек күні Ж.Махамбетов ауылындағы №143 орта мектепте білім күніне арналған салтанатты жиын және барлық сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мерекелік жиынның алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Тапалова Фарида Қараманқызы бастап, барлық оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды  Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай келе, биылғы оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Еліміз бес күндік оқу жүйесіне кезең-кезеңмен көшіп жатқандығын, жаңа оқу жылында мектептердің оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістерді атап өтті.

 Сондай-ақ қала әкімі А.Шәменовтың құттықтау сөзін жеткізді. Әрі қарай тұңғыш мектеп  табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып оқушыларының өлең шумақтары, әсем әндері мен билері жалғасып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.