«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы

 

Қызылорда облысының оқушылары «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының республикалық кезеңінде жүлделі болды.

Байқау 2022 жылдың 13 мамыры күні Павлодар облысы, Екібастұз қаласында өткізілді.

Байқаудың ережесіне сәйкес республикалық кезеңге (әр бағыт бойынша 1 оқушы) 4 (төрт) үміткер ұсынылды. Солардың ішінде ІІ бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша облыстық кезеңде үздік шыққан 143 орта мектебінің 10 "А" сынып оқушысы Мұханбетрахымұлы Ернұр "Зейінді зерттеуші" номинациясымен марапатталды. Жетекшісі Демеуова Марихан Берікқызы. Ернұр "Мәшһүр Жүсіп Көпеев еңбектеріндегі батырлар бейнесі" тақырыбы бойынша ғылыми жоба қорғады. Байқауға қатысқан оқушылар Баянауылдың, Екібастұздың мәдени орындарына саяхат жасады. Мәшһүр Жүсіп бабамыздың кесенесімен танысып, киелі жердің тылсым күшін сезініп қайтты.143 орта мектебінің бір топ ұстаздары,Ернұрдың сыныптастары мен ата-анасы 16 мамыр күні байқау жүлдегерлерін теміржол вокзалында қарсы алды. Таңертеңгі пойыздың келу сәтін әсерлі әнмен әрлеп, Ернұрға қошемет көрсетілді. Одан әрі мектеп ауласында мектеп әкімшілігі мен жоғары сынып оқушылары салтанатты түрде қарсы алу рәсімін жасап, сый-құрмет көрсетті. Мектебіміздің көшбасшы оқушысы, мақтанышымыз Ернұр Мұханбетрахымұлы Павлодар сапары туралы өз әсерімен бөлісіп, әңгімелеп берді. Ұстаздары құттықтау тілектерін айтып, ықылас, ілтипаттарын білдірді. Мектеп мақтанышы Ернұрға бағындырар биігі көп болып, арман мақсаттарына жетуіне тілектестіктерін білдірді.