Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы. Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады. Болашағымыздың қожасы жастарымызға өздерінің өмір жолы мен өнегелі істерін, қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі – ғылым жолындағы еңбектері мен мамандық таңдауда кәсіби бағыт – бағдар беру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректоры , филология ғылымдарының кандидаты, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы Кәрімова Бейбіткүл Сарсемханқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық- педагогикалық институты, Шет тілдері және аударма кафедрасының аға оқытушысы Педагогика ғылымдарының магистрі, мектебіміздің мақтанышы Есембекова Шырынкул Тукеновна, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің математика және қолданбалы механика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, алтын ұя мектебіміздің түлегі Әбуова Асылзат Омирсериковна және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бизнес-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі, «Рекрутинг» орталығының басшысы Жандос Оразмаханов келді.
«Ғылымның жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты білім, ғылым жолында жүрген ұстаздарымызбен, айтулы жандармен бірге өткізілген кездесуіміз мектеп тарихында өз орнымен ерекше. Кездесу барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сарсемханқызы мектеп түлектеріне мамандық таңдау жолында нені басты назарда ұстау қажет, неге сүйену керек деген сұрақтар төңірегенде оқушыларымызбен ой бөлісті. Шет тілдері және аударма кафедрасының аға оқытушысы Педагогика ғылымдарының магистрі, мектебіміздің мақтанышы Есембекова Шырынкул Тукеновна мен математика және қолданбалы механика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, алтын ұя мектебіміздің түлегі Әбуова Асылзат Омирсериковна өнегелі өмір жолдары, ғылым жолындағы келелі істері, алтын ұя мектебі жайлы сыр шертті. Кеш барысында «Бизнес-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі, «Рекрутинг» орталығының басшысы Жандос Оразмаханов таңдау жасауда мамандығымды жаңылмай тапсам екен деген түлектерімізге мамандық бойынша кәсіби бағыт –бағдар берді.
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін, Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болуға, ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға, әрбіріңіз грант иегері атануларына кеш қонақтары шын жүректен тілектестіктерін білдіріп, жылы лебіздерін айтып кешімізді қорытындылады.
https://mectep143kzo.edu.kz/kz/zhanaly-tar/108-ylymny-zholy-lyly-rpa-y-zh-rer-ynyp.html#sigFreeIdb80f6355f2