АУЫЛ ӘКІМІ КӨШБАСШЫ ЖАСТАРМЕН

 

2022 жылдың 11 сәуір күні Қызылорда қаласы Ж Махамбетов ауылы №143 орта мектебінде «Ауыл әкімі көшбасшы жастармен» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

2022 жыл - Балалар жылына орай билік пен жастар арасында тығыз байланыс орната отырып жастармен өзара пікір алмасу ,ой бөлісу.

Дөңгелек үстелге Ақсуат ауылдық округі әкімі Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжапбарұлы, Ақсуат ауылдық округінің бас маманы Сәдірбаев Нұрғали Мұталапұлы қонақ ретінде шақырылды.

Мектеп директоры Тапалова Фарида Қараманқызы дөңгелек үстелді ашып беріп негізгі мақсаты мен жастарға балаларға өз ойларымен емін еркін сыр сұхбат құруға шақырды.

Алғаш болып сөз алған ауыл әкімі ауылдағы атқарылып жатқан игі істерге , болашақта атқарылатын істерге тоқталып өтті. Сонымен қатар өзі оқыған мектебі сабақ берген өмірге қанаттандырған ұстаздарының еңбегін , өзінің жүріп өткен еңбек жолына тоқталды.

Мәмбетәлі Сейтжапбарұлына жетекшілік еткен ұстазы Гүлмира Мүхтарқызы өзінің шәкірті жайлы ерекше естеліктермен бөлісті .Оның бала кезден жауапкершілігі, жұмысқа деген ынтасы, қарым-қатынас дағдысы туралы оқушыларға үлгі боларлық естеліктер айтты.

Ал сыныптасы, әрі группаласы Нұргүл Кеңесқызы ауыл әкімінің бойынан табылуға тиіс қарапайымдылық ,елжандылық, досқа адалдық, жанашырлық мінезін тілге тиек ете сөйледі.

Шақырылғана қонақтардың ішінен өзінің әріптесі ретінде Нұрғали Мұталапұлы ел басқарудағы қиындықтар мен қызықтарға, оның жауапкершілікті талап ететін ерекше жұмыс екенін айтып кез келген мәселені шешудегі Мәмбетәлінің іскерлігін жастарға үлгі етті. Сонымен қатар осы мектептен шыққан түлектердің ел басқару саласында қаншамасы қажырлы еңбек етіп жүргенінде айта келіп, солардан үлгі алуға соларға қарап ой түзеуге шақырды,

Дөңгелек үстел барысында оқушылар көкейлеріндегі жүрген сұрақтарды қойып сұхбаттасып отырды

Мысалы атап айтсақ

1.Оқушылар мен ауыл жастарының ұсыныс пікірін жолдау үшін сайт бар ма?

2.Ауылдағы балалар ойын алаңы санын арттыру ойыңызда бар ма?

3.Мектебіміздегі футбол алаңын талапқа сай жөндеуге қандай көмек көрсете аласыздар ма?

Ауылымызды көркейтуге қандай жоспарларыңыз бар? Т.б сияқты сұрақтар қойып көңілдері толатындай жауап ала алды.

Мектеп жастары сонымен қатар « Оқуға құштар мектеп» « Мектеп және театр» жобалары бойынша өз қойылымдары мен өнерлерін көрсетті.

Ауыл әкімі мен қонақтар өнерлі жастарымызға риза болып өздерін тура театрда отырғандай сезігендерін де жасырмады.

Дөңгелек үстелден терең ой түйіндеген мектеп оқушылары ауыл әкімінің жұмысына табыс тілеп ақ тілектерімен қорытынды жасады.