Бүгінгі жас — ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Біз, бүгінде, өз мектебін қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан етеміз.

Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні – алғыс айту күні мерекесі қарсаңында, мектебімізде «Кемел келешек кілті — білімде» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен орын алған оқушыларды, арнайы қалалық білім бөлімінің дипломы мен медальдарымен салтанатты марапаттау кеші ұйымдастырылды.

2021-2022 оқу жылы біздің мектебіміз үшін ерекше жыл. Өйткені, осы оқу жылында шәкірттеріміз

9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне 28 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындармен оралды.

  1. География пәнінен 9-сынып оқушысы Майлыбай Айдос І орын, пән мұғалімі Айдарбекова Маржан.

2.Математика пәнінен 11-сынып оқушысы Мүталапов Икрам ІІ орын, пән мұғалімі Қожатай Балдырған.

3.Қазақстан тарихы пәнінен 11-сынып оқушысы Ахмедов Өмірбек ІІ орын, пән мұғалімі Найзағараева Сағыныш.

4.География пәнінен 11-сынып оқушысы Ыбаш Назбек ІІІ орын, пән мұғалімі Айдарбекова Маржан.

 5.Орыс тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Сұлтанбаева Назерке ІІІ орын, пән мұғалімі Жунбаева Жанат.

6.Ағылшын тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Бектібай Айым ІІІ орын, пән мұғалімі Шатенова Ақкенже.

7.Орыс тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Айтбай Дамир ІІІ орын, пән мұғалімі Сейлханова Айгуль.

8.Биология пәнінен 10-сынып оқушысы Қаппар Елшат ІІІ орын, пән мұғалімі Әлмешова Жұлдызай.

9.Орыс тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Беделбек Ақбота ІІІ орын, пән мұғалімі Сагинбаева Зина.

10.Қазақстан тарихы пәнінен 9-сынып оқушысы Кішкенбай Арайлым ІІІ орын, пән мұғалімі Кушекбаева Светлана.

11.Құқық негіздері пәнінен 9-сынып оқушысы Еділбай Шұғыла ІІІ орын, пән мұғалімі Әуезова Индира.

Сонымен қатар, 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 11 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орын иеленген болатын.

1.Ағылшын тілі пәнінен 6- сынып оқушысы Мергентай Арайлым ІІІ орын, пән мұғалімі Құрымбаева Тұрғанкүл.

2.Орыс тілі пәнінен 6- сынып оқушысы Мырзакәрім Аянат ІІІ орын, пән мұғалімі Жарменова Айнұр.

  1. Жаратылыстану пәнінен 6-сынып оқушысы Қарасай Сағдат ІІІ орын, пән мұғалімі Тілеуберген Индира.

Олимпиада жеңімпаздарымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары да марапатталды.

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен Биология бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Қаппар Елшат ІІ орын, жетекшісі Әлмешова Жұлдызай.
  2. 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» конкурсының республикалық кезеңінен экология-валеология секциясы бойынша 5-сынып оқушысы Ерниязов Досымжан І орын, жетекшісі Жұбатова Камшат.
  3. 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» конкурсының республикалық кезеңінен экология-валеология секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Жақып Зия ІІ орын, жетекшісі Тілеуберген Индира.
  4. 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» конкурсының республикалық кезеңінен робототехника секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Суйеніш Нұрлыбек ІІІ орын, жетекшісі Утетлеуова Аксамал.

Марапатталған олимпиада жеңімпаздарының, ғылыми жобалар конкурсы жеңімпаздарының ата-аналарына мектеп ұжымының, басшысының атынан арнайы алғыс хаттар жолданды.

Жеңімпаз оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Ата-аналарына, пән мұғалімдеріне, жетекшілеріне алғысымыз шексіз!!