2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары"Зерде" республикалық конкурсының қалалық кезеңінде экология, валеология секциясы бойынша №143 орта мектептің 5 "В" сынып оқушысы Ерниязов Досымжан Асқарұлы 1 орын иеленді.Осылайша облысқа жолдама алып,облыстық конкурста да 1 орын алды. Оқушымыз Досымжанға республикалық конкурста да оза шабуына тілектеспіз.

Жоба жетекшісі химия пәнінің мұғалімі,педагогика бағыты бойынша химия ғылымдарының магистрі Жубатова Камшат Молдабаевна.

Жоба тақырыбы:"Қайың ағашының күлінен тұрмыстық заттар жасау" Жоба аясында қайың ағашының күлінен балаларға шығатын бөртпелерге арналған жақпамай,тіс ағартқыш құрал жасалынған.