№143 орта мектепте "Ғылымнын ғажап үш тірегі" атты ИФМ ондкүндігі аясында көптеген іс-шаралар өтуде. Соның бірі 18 қараша күні информатика пәні мұғалімі Жұмабай Гүлзат өткен "Ұтқыр білім беру технологиялары мен әдістері: интерактивті презентациялар әзірлеу, интерактивті тапсырмаларға QR-код дайындау" тақырыбындағы шеберлік сыныбы. Оған мектептің педагогикалык құрамы қатысып, интерактивті презентация және интерактивті тапсырмаларға QR код дайындау бойынша практикалық жұмыстар орындалды.