Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі, егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты белгілері.
Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба біздің жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелесе, ал Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятады.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

https://www.facebook.com/share/p/Fi39QC3w8TTFPXmQ/

Тіліңізді таңдаңыз