"Болашақ" лагерінің ашылуы 

Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге шығармашылықтарын дамыту — бүгінгі күннің басты міндеті.
Осы мақсатта жыл сайынғы дәстүр бойынша барлық мектептерде жазғы сауықтыру лагерлері өз жұмысын бастауда.
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай "Бақытты балалық шақ!" тақырыбында мектеп жанындағы "Болашақ" лагерінің ашылуы өткізілді. Мектеп директоры Төребаев Ғазиз Садақбайұлы сөз сөйлеп, балаларды мерекемен құттықтай отырып, ізгі тілектерін білдірді. Әрі қарай мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды.

https://www.facebook.com/share/v/V2vSd5HYq5YUUUBP/
https://www.facebook.com/100025819368549/videos/1175079770585264/


Тіліңізді таңдаңыз