Көшбасшылар форумы

Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен жалпы білім беретін мектептер арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру мақсатында "Жаңа ұрпақ" көшбасшы болу кезеңі" тақырыбында көшбасшылар форумына 143 орта мектебінің тәлімгері Шигамбаева Лаура Мухамедқызының жетекшілігімен мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Бақытова Анель мен Жұмағали Гүлім қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының табысты тәжірибесін таратуға арналған алаңда "Бірлігіміз жарасқан " атты психологиялық тимбилдинг және "Көшбасшы болу кезең" оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының моделін құру атты топтық жұмыс жасап, бір - бірімен көптеген тәжірибе алмасты.

"Жаңа ұрпақ: көшбасшы болу кезеңі" өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшыларының форумы өз деңгейінде жақсы өткізілді.

       

 

Тіліңізді таңдаңыз