Қайырымдылық- адамзат бойындағы ерекше бір қасиет
Қайырымдылық -ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қайырымдылық жасау-әр адамның қолынан келетін іс. Әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.
Қайырымдылық жасау тек материалдық көмек көрсету емес,қолынан келгенше көмек қолын созу,жауапкершілікті сезіну. Осы мақсатта мектебіміздің 10 сынып және 8 сынып оқушыларының қатысуымен ауылымызда орналасқан «Әліарыстан ата» мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Оқушыларымыз үлкен кісілеріміздің батасын алып,қайырымдылық жасау үлкен игі іс екенін ұғынды.