«Инновация – нақты ғылымдар жетістігі» атты информатика, физика, математика апталығының жұмыс жоспарына сәйкес бүгін математика пәні мұғалімі Жанар Сейдахметованың ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік?» математикалық сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты:
Оқушының бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, оқушының белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру.
Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және оқушының математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сайыс ереже бойынша 5 кезеңге бөлінді:
Сайыскерлерді топтарға бөлу.Танысу
Кім жылдам? Сұрақтарға жауап беру.
Біліктілік сайысы
Математика мақал-мәтелдер.
Сөзжұмбақ «Бөлгіш» , «Шеңбер»
Сайыс қорытындысы бойынша "Тапқырлар" тобы 37 ұпаймен 1-орын, ал "Алғырлар" тобы 28 ұпаймен 2-орынға ие болды.
Барлық белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз және жеңіске жеткен оқушыларды құттықтаймыз!