№143 орта мектебінде 24-сәуір күні «Инновация – нақты ғылымдар жетістігі» атты информатика, физика, математика апталығының ашылуы өтті.
Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың мақсаты:
оқушылардың осы пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру;
Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Апталықтың ашылуы барысында:
оқушыларға информатика физика, математика пәндері бойынша әртүрлі құрылғылардан көрме ұйымдастырылды.
Информатика, физика, математика пәндерінен қызықты жұмбақтар мен логикалық сұрақтар QR-кодтарға жасырылып, жауап берген оқушылар мен ұстаздарға сыйлықтар берілді.
Апталықтың жұмыс жоспары таныстырылды.