“Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани - адамгершілік тәрбиелеудің негізі” семинары аясында мектебіміздің  4 “в” сынып оқушыларына  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Байқуатова Салтанаттың тренинг сабағы болып өтті. Тренинг мектеп кітапханасының Coworking орталығында "Кітап-рухани қазына құндылық бастауы" тақырыбында өтті.

Мақсаты кітап оқу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды, рухани адамгершілікті қалай қалыптастыруға болатыны туралы түсіндірме жүргізу.

Балалар өздері алып оқып жүрген кітаптары жайлы, болашақта оқитын кітаптары жайлы керемет пікір алмаса алды. Мектебіміздің  кітапхана меңгерушісі Абдигаппарова Айзахан оқушыларды кітапқа деген қызынушылығын арттыру мақсатында  керемет тәлім-тәрбие беретін мағлұматтармен таныстырды.